2025 жылғы 5 желтоқсанда Бакуде Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау министрлерінің 1-отырысы аясында, ТМҰ Бас хатшысы, Елші Кубанычбек Омуралиев ТМҰ-ға мүше және бақылаушы елдердің еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау мәселелеріне жауапты делегация басшыларымен №1-ші «DOST» орталығы (Тұрақты және жедел әлеуметтік қамтамасыз ету агенттігі) мен «DOST» Инклюзивті даму және шығармашылық орталығына барды.
№1-ші «DOST» орталығында делегацияға Әзербайжанның әлеуметтік қызметтерді көрсету саласындағы заманауи әрі азаматқа бағытталған бұл мекемелердің қызметі, инновациялық операциялық моделі туралы ақпарат берілді.
Ал «DOST» Инклюзивті даму және шығармашылық орталығында делегация мүмкіндігі шектеулі жастардың өнерін және шығармашылық жұмыстарын тамашалады.
№1-ші «DOST» орталығы — жұмыспен қамтуға көмектесу, әлеуметтік қорғау қызметтері, мүгедектік деңгейін анықтау, зейнетақы қызметтері, әлеуметтік сақтандыру, кеңес беру сияқты 160-тан астам әлеуметтік қызмет түрін «бір терезе» қағидаты арқылы ұсынатын модель.
«DOST» Инклюзивті даму және шығармашылық орталығы мүмкіндігі шектеулі адамдарға әлеуметтік көмек көрсетуге бағытталған инклюзивті білім беру, кәсіби даярлау, шығармашылық шеберханалар, оңалту бағдарламалары және әлеуметтік интеграция мүмкіндіктерін қамтамасыз ету сияқты салаларға басымдық береді.
Бас хатшы «DOST» жүйесінің жүзеге асырып келе жатқан кешенді жұмысын жоғары бағалап, бұл үлгінің Түркі мемлекеттерінде әлеуметтік қызмет көрсету және инклюзивті дамуды нығайту тұрғысынан өнеге болатынын атап өтті.













