Әзербайжан Премьер-министрі ТМҰ Бас хатшысын және ТМҰ-ға мүше елдердің  Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау министрлері / вице-министрлерін қабылдады

Әзербайжан Премьер-министрі ТМҰ Бас хатшысын және ТМҰ-ға мүше елдердің  Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау министрлері / вице-министрлерін қабылдады

Әзербайжан Республикасының Премьер-министрі Әли Асадов 2025 жылғы 5 желтоқсанда Бакуде өткен Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің (ТМҰ) Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау министрлерінің 1-отырысы аясында ТМҰ Бас хатшысы Елші Кубанычбек Омуралиев және ТМҰ-ға мүше және бақылаушы елдердің Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау саласына жауапты делегация басшыларын қабылдады.

Кездесуде Әзербайжан Премьер-министрі халықтың әл-ауқатына тікелей ықпал ететін салаларда ТМҰ елдері арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталды.

ТМҰ Бас хатшысы Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау салаларындағы ынтымақтастықты дамыту өңірлік интеграцияға тың серпін беретінін айтты. Бас хатшы ТМҰ-ға мүше елдердің мыңдаған азаматы Түркі әлемінің түкпір-түкпірінде еңбек етіп жатқанын айта келе, олардың лайықты жұмыс мүмкіндігіне, әділ еңбек көші-қоны ережелеріне және мықты әлеуметтік қорғау жүйелеріне қол жеткізуін қамтамасыз ету ортақ жауапкершілік екенін айтты.