ТМҰ Бас хатшысы ТМҰ-ға мүше және бақылаушы елдердің Төтенше және Өкілетті Елшілерімен Вашингтонда кездесті.

ТМҰ Бас хатшысы ТМҰ-ға мүше және бақылаушы елдердің Төтенше және Өкілетті Елшілерімен Вашингтонда кездесті.

Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) Бас хатшысы  Елші Кубанычбек Омуралиев 2025 жылғы 15 желтоқсанда АҚШ-тағы ТМҰ-ға мүше және бақылаушы елдердің Төтенше және Өкілетті Елшілерімен кездесті.

Әзербайжанның  ТМҰ-ға төрағалығы аясында  Әзербайжанның АҚШ-тағы  Төтенше және Өкілетті  Елшісі Хазар Ибрагимнің ұйымдастыруымен өткен жиынға Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы Елшісі Мағжан Ілиясов, Қырғыз Республикасының АҚШ-тағы Елшісі Айбек Молдогазиев, Өзбекстан Республикасының АҚШ-тағы Елшісі Фуркат Сидиков, Мажарстанның АҚШ-тағы Елшісі Сабольч Такач, Түрікменстан Республикасының АҚШ-тағы Елшілігінің уақытша сенімді өкілі Шохрат Пирмухаммедов, Түркия Республикасының АҚШ-тағы Елшілігінің уақытша сенімді өкілі Мурат Угурлуоглу, сондай-ақ Солтүстік Кипр Түрік Республикасының Өкілі Дамла Гючлю қатысты.

Кездесу барысында Бас хатшы Вашингтон қаласында АҚШ-тың жетекші талдау және сараптамалық орталықтарының қатысуымен ұйымдастырылған іс-шаралар, сондай-ақ АҚШ-тың ресми өкілдерімен өткен кездесулер Түркі мемлекеттері ұйымына (ТМҰ) артып келе жатқан  қызығушылықтың айқын көрінісі екенін атап өтті. 

Бұл ынта-қызығушылық Ұйымның кезеңді институционалдық дамуының және экономикалық ықпалдасу, қауіпсіздік пен халықтар арасындағы байланыс салаларындағы дамып келе жатқан ынтымақтастықтың арқасында оның практикалық әрі оң нәтижеге бағытталған құрылымға айналуымен байланысты екенін атап өтті.

ТМҰ-ға мүше елдердің дипломатиялық миссия басшылары Ұйымның күн тәртібін Америка Құрама Штаттарында белсенді түрде дамытуға бағытталған жұмыстарға қолдау көрсетуге дайын екендіктерін білдірді. Сондай-ақ, АҚШ-тағы ТМҰ миссиялары арасында үйлестіруді қамтамасыз етуге, Түркі әлемінің АҚШ-пен көрінімділігі мен өзара іс-қимылын арттыруға деген берік ұстанымдарын растады.