ТМҰ Бас хатшысы Вашингтонда Түркі әлемінің болашағына арналған жұмыс семинарында сөз сөйледі.

ТМҰ Бас хатшысы Вашингтонда Түркі әлемінің болашағына арналған жұмыс семинарында сөз сөйледі.

Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) Бас хатшысы, Елші Кубанычбек Омуралиев 2025 жылғы 15 желтоқсанда Вашингтонда «Heritage Foundation» ұйымының ұйымдастыруымен өткен «Орталық Азиядан Қара теңізге дейінгі Түркі әлемінің болашағы» атты жұмыс семинарында баяндама жасады.

Іс-шара аясында Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) жетекші талдау орталықтарының сарапшылары мен зерттеушілері арасында пікір алмасу өтті.

Бас хатшы ТМҰ-ның стратегиялық маңызының артып келе жатқанына назар аудара келе, Ұйымның Орталық Азиядан Қара теңіз бен Жерорта теңізіне дейін созылып жатқан ұлаңғайыр  географиялық аумақта елдерді біріктіретін институционалдық әрі оң нәтижеге  бағытталған үкіметаралық ұйымға айналып бара жатқанын атап өтті. Бас хатшы экономикалық даму, қауіпсіздік және халықтар арасындағы өзара ықпалдастық салаларындағы ынтымақтастықтың да дамып келе жатқанын айтты.

Айтулы жиында қатысушылар АҚШ саясаткерлері мен зерттеу орталықтары тарапынан Түркі өңіріне деген қызығушылықтың артып келе жатқанына, ТМҰ-ның жаһандық мәселелердегі жаңа серпін алып жатқан рөліне тоқталды. Бұл үрдістің америкалық тараптың талдаулары мен саяси бағалауларында ескеріліп отырғанын білдірді.