Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) ұйтқысымен Түркі мемлекеттері ұйымы (ТМҰ) Бас хатшысының орынбасары доктор Мирвохид Азимов және Түркі мемлекеттері шахмат федерациялары өкілдерінің қатысуымен өткен Түркі мемлекеттері шахмат одағының алғашқы жиыны 2025 жылғы 13 желтоқсанда Түркияның Газиантеп қаласында өтті.
Жиында сөз сөйлеген Бас хатшының орынбасары Түркі мемлекеттері шахмат одағының құрылуы шахматты Түркі әлемінде мәдени, білім беру және әлеуметтік көпір ретінде дамытуға бағытталған ортақ айшық көрінісі деді. Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Түрікменстан және Өзбекстанның құрылтайшы федерацияларына қосқан үлестері үшін алғысын білдірді.
Сондай-ақ, Одақтың қызметі ТМҰ-ның мүше елдері арасындағы мәдени, әлеуметтік және білім беру салаларындағы ынтымақтастықты дамыту, халықтар арасындағы байланыстарды нығайту жөніндегі кең ауқымды мақсаттарымен толық үйлесетінін атап өтті.
Айтулы іс-шара аясында Түркі елдердің шахмат чемпионаты да ұйымдастырылды. Түркі әлемінің түкпір-түкпірінен келген спортшылар бас қосқан дода достық бәсекелестікті және спорттық ынтымақтастықты дамытуға ықпал етті.














