ТМҰ Бас хатшысы Вашингтонда Хадсон институтының Президенті және Бас директормен кездесті.

ТМҰ Бас хатшысы Вашингтонда Хадсон институтының Президенті және Бас директормен кездесті.

Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) Бас хатшысы, Елші Кубанычбек Омуралиев 2025 жылғы 16 желтоқсанда Вашингтонда аймақтық даму процестері мен қалыптасып келе жатқан жаһандық тенденциялар жайында пікір алмасу үшін Хадсон институтының Президенті және Бас директоры Джон Уолтермен кездесті.

Кездесу барысында Бас хатшы ТМҰ-ның саяси диалог, экономикалық интеграция және ынтвмақтастықты дамытуға бағытталған бастамаларға белсенділігінің артып келе жатқанын атап өтті.

Институт басшысы Джон Уолтер ТМҰ-ның артып келе жатқан роліне оң баға беріп. Хадсон институтының ТМҰ-мен аналитикалық ақпарат алмасуды кеңейтуге және институционалды диалог орнатуға зор мүдделілік танытатынын атап өтті.

Тараптар геоэкономика, энергетика және Түркі әлемінің ұзақ мерзімді даму әлеуеті мәселелерін талқылады. Кездесуде сондай-ақ, ТМҰ Хатшылығы мен Хадсон институты арасындағы диалогты нығайтудың маңыздылығына назар аударылды.