Қырғыз Республикасы Президенті Сайлауды байқау жөніндегі халықаралық миссия басшыларын қабылдады.

Қырғыз Республикасы Президенті Сайлауды байқау жөніндегі халықаралық миссия басшыларын қабылдады.

Қырғыз Республикасының Президенті  Садыр Жапаров 2025 жылғы 1 желтоқсанда кезектен тыс өткен Парламент (Жогорку Кенеш) саулауын байқау жөніндегі халықаралық миссия басшыларын қабылдады.

Кездесу барысында Президент байқау жөніндегі миссиялардың саулауға қатысып, қосқан үлестеріне, сайлау процесінің әділ өткеніне ризашылығын білдірді. Сондай-ақ, Халықаралық байқаудың демократиялық институттарды нығайтуға және сайлауға деген қоғамдық сенімді арттыруға ықпал ететінін атап өтті.
ТМҰ Бас хатшысының орынбасары, доктор Мирвохид Азимов Президентке ТМҰ-ға мүше елдердің байқау жөніндегі миссиясының тұжырымдары туралы ақпарат берді. Әзербайжан, Қазақстан, Түркия, Өзбекстан және ТМҰ Хатшылығының өкілдерінен құралған Миссияның Бішкекте сайлау процесін бақылағанын атап өтті. 

Сайлаудың ұлттық заңнамаға сәйкес, тәртіпке сай, бәсекелестік, әділдік, инклюзивтілік және теңдік сияқты халықаралық деңгейде мойындалған қағидаттар аясында өткенін атап өтті. Барлық деңгейдегі сайлау комиссияларының кәсіби жұмысын, сондай-ақ Қырғыз Республикасы Орталық сайлау және референдум комиссиясының ашықтықты қамтамасыз ету, ақпаратқа қолжетімділікті кеңейту және халықаралық байқаушыларға әділ болу бағытындағы күш-жігерін жоғары бағалайтындарын жеткізді.

Сонымен қатар, доктор Азимов Қырғыз Республикасының Ұйым аясында көпжақты ынтымақтастықты дамытудағы сүбелі үлесіне назар аудара отырып, Қырғызстанның Төрағалығы ықпалдасу процестеріне жаңа серпін бергенін, ортақ түркі платформаны нығайтуда елеулі үлес қосқанын атап өтті.

Тараптар сайлау тәжірибесін одан әрі жетілдіру және Қырғызстандағы демократиялық басқаруды қолдау мақсатында диалог пен ынтымақтастықты жалғастыру жөніндегі ұстанымдарын растады.