ТМҰ Бас хатшысының орынбасары Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропа өңірі бойынша гуманитарлық және денсаулыққа қатысты төтенше жағдайларға дайындық орталығының басшысымен кездесті

ТМҰ Бас хатшысының орынбасары Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропа өңірі бойынша гуманитарлық және денсаулыққа қатысты төтенше жағдайларға дайындық орталығының басшысымен кездесті

Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) Бас хатшысының орынбасары Мерей Мұқажан 2025 жылғы 1 желтоқсанда Ыстанбұлдағы ТМҰ Хатшылығында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) Еуропа өңірі бойынша гуманитарлық және денсаулыққа қатысты төтенше жағдайларға дайындық орталығының (PHHE) басшысы доктор Севиль Гусейновамен кездесті.

Кездесуде тараптар өз ұйымдарының қызметтері жөнінде ақпарат беріп, ынтымақтастық бағыттарын талқылады.

Жиын ТМҰ стратегиялық мақсаттарын ДДСҰ-ның денсаулыққа қатысты төтенше жағдайларға дайындық саласындағы техникалық нұсқаулықтарымен интеграциялау мәселелеріне арналды.

Кездесу ортақ кадрларды дайындау бағдарламалары, тәжірибе алмасу және ТМҰ-ға мүше мемлекеттер арасында апат кезінде үйлестірілген әрекеттерді қамтитын болашақ іс-қимылдардың негізін қалады.