ТМҰ Бас хатшысы Түркі Қызылайы және Қызыл крест желісінің басшылар кеңесінің отырысында сөз сөйледі

ТМҰ Бас хатшысы Түркі Қызылайы және Қызыл крест желісінің басшылар кеңесінің отырысында сөз сөйледі

Түркі Қызылайы және Қызыл крест желісінің басшылар кеңесінің отырысы 2025 жылғы 19 қарашада Баку қаласында өтті. Жиын Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) мүше және бақылаушы елдерінің Қызылай және Қызыл крест ұлттық қоғамдары басшыларының басын қосты. ТМҰ Бас хатшысы, Елші Кубанычбек Омуралиев іс-шараның ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде Ұйым аясында қарқынды дамып жатқан гуманитарлық көмекке мән берді. 

2024 жылы Бішкекте қабылданған Түркі Қызылайы және Қызыл крест желісінің құрылуы туралы меморандум гуманитарлық көмек саласында Түркі мемлекеттері арасындағы бірлік пен ынтымақтастықтың символына айналғанын айтты. 

Сондай-ақ, ТМҰ-ның табиғи апаттар мен төтенше жағдайларға ден қою жөніндегі ортақ әлеуетін күшейтуді мақсат тұтатын ТМҰ Азаматтық қорғау тетігіне қатысты Көпжақты келісімге де тоқталды.

Іс-шара қатысушылары түркі халықтарын көп жылдан бері жақындастырып келе жатқан гуманитарлық ынтымақтастық, өзара көмекке деген ортақ адалдықтарын тағы бір мәрте растады.