ТМҰ Бас хатшысы Ташкент халықаралық университетіне барды

ТМҰ Бас хатшысы Ташкент халықаралық университетіне барды

2025 жылғы 13 қарашада Ташкентте Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) Бас хатшысы, Елші Кубанычбек Омуралиев Түркі университеттері одағының (TURKUNIB) 2025–2026 жылғы төрағалық тізгінін алған Ташкент халықаралық университетіне (ТХУ) барды.

Елші Омуралиев ТХУ ректоры Искандер Юлдашевпен кездесіп, университеттің TURKUNIB төрағалығы аясында түркі университеттерімен академиялық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады.

Сондай-ақ, кездесуде TURKUNIB-тің жаңа веб-сайты Бас хатшыға таныстырылды.
ТХУ 2025 жылғы 15 қазанда Ташкент қаласында TURKUNIB-тің 8-ші Бас ассамблеясын өткізген болатын. Айтулы шара түркі әлеміндегі білім саласындағы ынтымақтастықты дамыту бойынша маңызды қадам болды.