Мексикаға жұмыс сапары аясында Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) Бас хатшысы, елші Кубанычбек Омуралиев Мексика Парламентінің Сыртқы істер жөніндегі комитетінің төрағасы Педро Васкес, Әзербайжан, Қазақстан және Түркия достық топтарының жетекшілері Дульсе Корина Вильегас Гуарнерос, Марибель Мартинес Руис және Эльда Кастильо Кинтанамен кездесті.
Кездесу Мексикадағы Қазақстан Республикасының Елшілігінің бастамасымен ұйымдастырылып, Мексика Парламентінің Сыртқы істер жөніндегі комитетінің мүшелері де қатысты.
Келіссөздер барысында парламентаралық ынтымақтастықты нығайту, өзара түсіністікті арттыру, ТМҰ аясында Мексика мен түркі мемлекеттері арасындағы әріптестікті дамыту мәселелері талқыланды.

















