Түркі мемлекеттері ұйымының Картография мекемелері басшыларының 2-отырысы Бакуде өтті

Түркі мемлекеттері ұйымының Картография мекемелері басшыларының 2-отырысы Бакуде өтті

Түркі мемлекеттері ұйымы (ТМҰ) Картография ұйымдары басшыларының 2-отырысы 2025 жылғы 3 желтоқсанда Бакуде өтті. Жиын ТМҰ-ға мүше және бақылаушы елдердің азаматтық және әскери картография органдарының жоғары деңгейдегі өкілдерін бір арнаға тоғыстырды.

ТМҰ Бас хатшысының орынбасары Мерей Мұқажан ашылу жиында сөйлеген сөзінде ТМҰ аясында геодезия, картография және кадастр салаларындағы артып келе жатқан ынтымақтастықты атап өтті.

Сондай-ақ, түркі әлемінің география және картография салаларындағы бай ғылыми мұрасына назар аудара отырып, XI ғасырда ең алғашқы әлем карталарының бірін сызған Махмұд Қашқари мен XVI ғасырда кең географиялық аумақтар мен құрлықтарды жан-жақты сипаттаған және ең көне карталардың біріне қолтаңба қалдырған Пири Реис сияқты көрнекті ғалымдардың қосқан үлесін еске салды.

Отырыс барысында қатысушылар қолданыстағы бастамалар бойынша пікір алмасып, тиісті мекемелер арасындағы техникалық ынтымақтастықты нығайту мүмкіндіктерін талқылады. Тараптар картография және геодезия салаларында ТМҰ аясындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту жөніндегі ниеттерін білдірді.

Отырыс қорытындысында ТМҰ Картография ұйымдары басшыларының 2-отырысының Біроескен мәлімдемесі қабылданды. ТМҰ Картография ұйымдары басшыларының 3-отырысы 2026 жылы Қазақстан Республикасында өтетін болады.