ТМҰ Әділет министрлерінің 2-отырысы Бакуде өтті

ТМҰ Әділет министрлерінің 2-отырысы Бакуде өтті

Түркі мемлекеттері ұйымына (ТМҰ) мүше елдердің Әділет министрлерінің 2-отырысы 2025 жылғы 20 қарашада Баку қаласында өтті.

Әзербайжан Республикасының Әділет министрі Фарид Ахмадовтың төрағалығымен өткен отырысқа  Қазақсан Республикасының Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев, Түркия Республикасының Әділет министрі Йылмаз Тунч, Өзбекстан Республикасының Әділет министрі Акбар Ташқұлов, Қырғыз Республикасының Әділет министрінің орынбасары Искендер Сыдыгалиев және ТМҰ Бас хатшысы Елші Кубанычбек Омуралиев қатысты.

Бас хатшы өз сөзінде ТМҰ аясында сот және құқық қорғау салаларындағы ынтымақтастық мәселелеріне тоқталып, Әділет министрліктері арасындағы өзара іс-қимылдың, оның ішінде азаматтық істер бойынша құқықтық көмек көрсету және цифрландыру салаларында тиісті механизмдерді қалыптастыру керектігін айтты. 

Қатысушылар өз елдерінің құқық жүйелері мен ТМҰ-ға мүше мемлекеттермен жүзеге асырылып жатқан екіжақты ынтымақтасу туралы ақпарат ұсынып, Әділет министрліктері арасында цифрландыру саласындағы тәжірибе алмасудың маңыздылығына назар аударды.

Отырыс барысында ТМҰ Әділет министрлерінің 2-отырысының қорытынды құжаты қабылданып, 3-отырыс 2026 жылы Түркия Республикасында өтетіні туралы уағдаласты.