Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) Энергетика бойынша жұмыс тобының 5-отырысы ТМҰ-ға мүше елдерінің сарапшыларының қатысуымен 2025 жылғы 9 желтоқсанда Ыстанбұл қаласында өтті.
Тараптар аймақтағы және әлемдегі соңғы өзгерістерге байланысты ТМҰ елдерінің энергетикалық әлеуетіне тоқталып, алдағы бірлескен энергетика саласындағы бастамаларды талқылады.
Келіссөздер барысында ТМҰ елдерінің энергия қауіпсіздігін арттыратын, энергия көздерінің әртараптандыруды күшейтетін, жасыл энергияны дамытатын және Түркі мемлекеттері мен Еуропа арасындағы энергия беру желілерін қамтамасыз етуге бағытталған бастамаларға баса назар аударылды.
Делегация сондай-ақ, 2025 жылғы 10 желтоқсанда Ыстанбұлда өтетін ТМҰ-ның Энергетикаға жауапты министрлердің 5-отырысының күн тәртібі мен бағдарламасын талқылады.









