Türk Konseyi Genel Sekreteri Baghdad Amreyev'in, 31 Mart 2021 tarihinde düzenlenen Türkistan Gayriresmi Zirvesi sırasında Kazak dilinde yaptığı konuşma aşağıda sunulmaktadır. Metnin İngilizce tercümesi bu linkte yer almaktadır: https://www.turkkon.org/en/haberler/speech-by-the-turkic-council-secretary-general-baghdad-amreyev-at-the-informal-summit-of-the-turkic-council-held-on-31-march-2021_2222
Түркі Кеңесінің Бас Хатшысы Бағдад Әміреевтің 2021 жылы 31 наурызда өткен Түркі Кеңесінің бейресми саммитінде сөйлеғен сөзі
Құрметті Мемлекет басшылары және Премьер-министр!
Бүгінгі саммитте қазіргі Түркі әлемінің барлық көшбасшыларын бірге көру біз үшін үлкен қуаныш.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасына және Түркі Кеңесінің Құрметті төрағасы Жоғары Мәртебелі Нұрсұлтан Назарбаевқа Түркі Кеңесінің құрылуына және дамуына қосқан баға жетпес жеке үлесі үшін шын құрмет білдіріп тағы да басымызды иеміз.
Бүгінгі Саммитті ең жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін және Қазақстанның Ұйым жұмысына белсенді қатысуын әрдайым қолдап отырған Қазақстан Республикасының Президенті Жоғары Мәртебелі Қасым-Жомарт Тоқаевқа шынайы ризашылығымды білдіргім келеді.
Бүгін Қазақ елінің Түркістан қаласын мыңжылдық өркениеттер тоғысында мәдениет пен руханияттың символы болып табылатын түркі әлемінің рухани астанасы деп жариялау құрметінің куәсі болдық.
Бұл ерекше оқиға - түркі мемлекеттері тәуелсіздігінің 30 жылдығымен тұспа-тұс келді. Сіздерді осы осы ұлы тоймен құттықтаймын.
Жоғары мәртебелі мырзалар!
Барлық сын-қатерлер мен қиындықтарға қарамастан, 2020 жыл Түркі әлемі үшін мазмұнды әрі нәтижелі және тіпті жеңіс жылы болды.
Түркі Әлемінің маңызды жетістіктерінің бірі, ең алдымен бауырлас Әзірбайжан жерінң оккупациядан азат етіліуі және елдің егемендігі мен аумақтық тұтастығының қалпына келтіруі.
Түркі Кеңесі Таулы Қарабақтағы соғыс кезінде біз барлық мүше мемлекеттердің атынан, Сіздердің аттарыңыздан Әзірбайжанды қолдауға бар күшімізді салдық.
Әзірбайжан Республикасының Президенті Жоғары Мәртебелі Ильхам Әлиевті осы үлкен жеңіспен тағы да құттықтай отырып және Ұйымыздың қазіргі төреғасы ретінде көпқырлы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ерекше күш салғаны үшін алғысымызды айтамыз.
Біздің түркі халықтарымыз бауырлас Қырғызстан үшін қиын кезеңдерде өздерінің ауызбіршілігін көрсетіп, қолдарынан келгенше қолдау көрсетті.
Халық экономикалық тұрғыдан дамыған, серпінді және күшті елге айналуына ықпал ететін жаңа көшбасшыға дауыс берді.
Саммитімізге алғаш рет қатысып отырған Қырғыз Республикасының Президенті Жоғары Мәртебелі Садыр Жапаровты құттықтай отырып бауырлас қырғыз мемлекетінің Түркі Әлемінің ынтымақтастығы мен серіктестікті нығайтуға үлкен үлес қосатынына сенемін.
Бiз соңғы жылдары аймақтағы және әлемдегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету ісінде Түркияның өсіп келе жатқан жетекші рөлінің куәсі болдық.
Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Түркия Республикасының Президенті Жоғары Мәртебелі Режеп Тайып Ердоған Түркі Кеңесіне қуатты қолдауын және халықаралық аренада түркі әлемінің мүдделерін қорғауға және ілгерілетуге қосқан баға жетпес үлесін ерекше атап өткім келеді.
Осы қиын кезеңде Түркияның бауырлас мемлекеттерге үздіксіз техникалық және гуманитарлық көмек көрсеткеніне үлкен ризашылық білдіреміз.
Өзбекстан Түркі Кеңесі аясында барлық бағыттар бойынша, әсіресе сауда-экономикалық салада, көлік және логистика саласында ынтымақтастықты дамытуға белсенді атсалыса бастады.
Түркі Кеңесінің қызметіне және түркітілдес елдер мен халықтар арасындағы үнемі кеңейіп келе жатқан ынтымақтастыққа елеулі серпін берген Өзбекстан Республикасының Президенті Жоғары Мәртебелі Шавкат Мирзиёевтың зор рөлін баса айтқым келеді.
Венгрия Премьер-министрі Жоғары Мәртебелі Виктор Орбанның Түркі Кеңесі мемлекеттерігің Еуропа елдерімен және Европадағы халықаралық ұйымдармен байланысын нығайтуға қосқан үлесі Түркі Әлемінің әлеуетін едәуір көтерді.
Бүгін Түрікменстан Президенті Жоғары Мәртебелі Құрбанқұлы Бердімұхамедовтың Саммитінде үлкен ықыласпен қарсы аламыз. Түркіменстан Түркі әлемінің ажырамас бөлігі ретінде түркітілдес елдер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуда айтарлықтай әлеуетке ие. Осы бауырлас елдің Түркі Кеңес аясындағы түрлі салаларына қарқынды қатысуы ұйымның күн тәртібін айтарлықтай байытып, Ұйым шеңберіндегі көпжақты ынтымақтастыққа маңызды серпін беретініне сенімдіміз.
Сыртқы әлеммен қарым-қатынас
Түркі әлемінің сыртқы әлеммен қарым-қатынасы туралы айта отырып, Ұйымның 12 жыл ішінде Түркі Кеңесі мен сыртқы әлем арасында бірде-бір дағдарыс, саяси немесе экономикалық проблемалар және дипломатиялық кикілжің болмағанын ерекше атап өткен жөн. Біз олармен тең, сындарлы және тұрақты қарым-қатынас орната алдық.
Керісінше, соңғы екі жылда оннан астам мемлекет Түркі Кеңесіне бақылаушы мәртебесін алуға ниет білдірді.
Қазіргі уақытта Хатшылық Кеңестің мүше мемлекеттерінің назарына жаңа бақылаушы елдер мен серіктестер үшін жаңа ереже-белгілерді усынды.
Короновирусқа қарсы күрес
Ковид19-пандемиясының өршуі Түркі Кеңесі аясындағы ынтымақтастыққа қосымша серпін берді. Сіздер Түркі мемлекеттерінің басшылары әлемде бірінші болып пандемиямен күресу және дағдарыстан шығу үшін қажетті көпжақты үйлестіруді қамтамасыз еттіңіздер.
2020 жылдың сәуірінде Ковид-19 пандемиясына арналған Түркі кеңесінің кезектен тыс бейне саммитінен соң,
Сіздердің нұсқауларыңызды орындау үшін біз денсаулық сақтау, көлік, экономика және энергетика министрлері деңгейінде кездесулер өткіздік, сондай-ақ мүше мемлекеттердің тиісті органдары арасында уақтылы және келісілген өзара іс-қимыл жасау үшін осы бағыттар бойынша үйлестіру комитеттерін құрдық.
Хатшылық 2020 жылғы қыркүйекте Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен ынтымақтастық жөніндегі Меморандумға қол қойып, оны іске асыру жөніндегі іс-жұмыс Жоспарына қарқынды жүзеге асыруда.
Экономикалық ынтымақтастық
Экономикалық аспект Ұйымның күн тәртібінде қашанда басым болды. Бұл жұмыс жалғасуда.
Биыл Энергетика министрлерінің отырысын алғаш рет өткіздік, сондай-ақ биыл Ташкент қаласында Ауыл шаруашылығы министрлерінің бірінші отырысын өткізуді жоспарлап отырмыз.
Ынтымақтастықтың маңызды бағыттары, сондай-ақ ғылым мен технологиялар, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және туризм, жастарды қолдау, түркі халықтарының мәдени-тарихи мұрасын дәріптеу саласындағы өзара іс-қимыл болып табылады.
Құрметті Мемлекет басшылары,
Биыл Стамбулда біз тарихи саммит өткіземіз, онда бүкіл түркі әлемі үшін өмірлік маңызы бар бірнеше шешім қабылданады.
Сіздің бүгінгі тапсырмаларыңызды тиісті түрде іске асыру, сондай-ақ алдағы саммит күн тәртібінің мазмұнды түрде қамтамасыз ету мақсатында келесі ұсыныстарды ұсынуға рұқсат етіңіз:
1. Сіздердің тапсырмалаңызға сәйкес, Хатшылық мүше мемлекеттермен ынтымақтастықта "Түркі әлемінің 2040 жылға дейінгі стратегиясының " әзірлігін аяқтап, бұл құжатты келесі саммит барысында қабылдауды ұсынамыз.
2. Хатшылық біздің ұйымның атауын қазіргі құқықтық мәртебесіне сәйкес өзгерту туралы ұсыныстарды да тәмәмдаймыз және кезекті саммит бұл мәселе барысында ол бойынша шешім қабылдауды сұраймыз.
3. Келесі саммитте бақылаушы елдер мен әріптестер үшін жаңа ереже-белгілердің аяқтап, келесі саммитте оны бекітуді маңызды деп санаймыз.
4. Түркі инвестициялық қорын құру жөніндегі жұмысты тезірек аяқтау мақсатында осы мәселе бойынша шешім қабылдау және оны кезекті саммитте сіздердің мақұлдауларыңызға енгізу үшін таяу айларда мүше мемлекеттердің экономика және қаржы министрлерінің отырысын өткізуді орынды деп санаймыз.
5. Бздің елдеріміздің шағын және орта бизнесін қолдау үшін арнайы ашылған Венгрияның Эксимбанкінің өте тиімді кредиттік желісін кеңінен пайдалануды қажет деп санаймыз.
5. Көлік және логистика саласындағы ынтымақтастық аясында Транскаспий халықаралық көлік дәлізінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, «бауырлас порттар» ынтымақтастық тетігін нығайтуға, көпшілік қолды тауарлардың үздіксіз транзиті үшін кедендік өткізу пункттерінде «жасыл дәліз» құруға ерекше назар аударуы ұсынамыз.
Мүше мемлекеттердің тиісті ведомстволарын Транскаспий дәлізі арқылы транзит рәсімдерін оңайлату және жүктерді тасымалдауға арналған шығыстарды қысқарту, сонымен қатар жүктерді тасымалдау жүйесін цифрландыру бойынша қабылдауы сұраймыз.
6. Түркі мемлекеттері тәуелсіздігінің 30 жылдығын кеңінен мерекелеу құрметіне Стамбулда өткен кезекті Саммит аясында мүше мемлекеттер президенттерінің қатысуымен үлкен халықаралық конференция өткізуді ұсынамыз.
Сіздерге, біздің көшбасшыларымыздың әрқайсысына зор денсаулық және толық күш-қуат, сондай-ақ Түркі халықтарымыздың игілігі жолындағы сіздердің игі істеріңізге жарқын табыстар тілеймін.
Назарларыңызға рахмет!