Мақсаттар
Ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық – азық-түлік қауіпсіздігі мен сапалы тамақтануды қамтамасыз ету, заманауи әрі инновациялық тұрақты ауыл шаруашылығы тәжірибелерін дамытуға ықпал ету, әлеуметтік-экономикалық өркендеуге үлес қосу және ТМҰ-ға мүше елдер арасындағы ауыл шаруашылық өнімдерінің саудасын жеңілдету сияқты бастамаларға бағытталған.
Механизмдер
Ұйым құрылғаннан бері ТМҰ шеңберінде 4 министрлік кездесу, 5 жұмыс тобының отырысы және 4 Түркі агробизнес форумын өткізді. Ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық «Түркі әлемінің келешегі – 2040» және «ТМҰ-ның 2022–2026 жылдарға арналған даму стратегиясы» сияқты стратегиялық құжаттар аясында жүзеге асырылуда.
Ауыл шаруашылығы ынтымақтастығы жөніндегі жұмыс тобының аясында құрылған ішкі жұмыс топтары
ТМҰ-ның ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық жөніндегі жұмыс тобы аясында құрылған бес ішкі жұмыс тобы бұл саладағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуды мақсат тұтады.
ТМҰ-ға мүше елдер әрбір ішкі топ үшін үйлестіруші елді тағайындайды. Бұл топтар іс-шараларды жүзеге асыру үшін кездесулер өткізіп, әрбір кездесу нәтижелерін ТМҰ Хатшылығына баяндайды.
- Ғылыми-зерттеу және даму жөніндегі топ – Түркия
- Ауыл шаруашылығы экономикасы жөніндегі ішкі топ – Әзербайжан
- Жаңа ауыл шаруашылығы технологиялары мен әдістері жөніндегі ішкі топ – Өзбекстан және Әзербайжан
- Тұқым және көшет шаруашылығы жөніндегі ішкі топ – Қазақстан және Қырғызстан
- Мал шаруашылығы, балық шаруашылығы және аквамәдениет жөніндегі ішкі топ – Қырғызстан және Қазақстан
Құрылымдық негіз
ТМҰ шеңберінде ауыл шаруашылығы ынтымақтастығының құқықтық негізі бірнеше негізгі құжаттарға сүйенеді:
- Ауыл шаруашылығы министрлерінің 1-отырысының Коммюникесі (Ташкент, 2022 жылғы 4 шілде);
- Ауыл шаруашылығы министрлерінің 2-отырысының Коммюникесі (Баку, 2023 жылғы 26 қыркүйек);
- ТМҰ-ның Қуаңшылықты алдын алу институтын құру туралы Өзара түсіністік туралы меморандум (Самарқанд, 2022 жылғы 11 қараша);
- Ауыл шаруашылығы министрлерінің 3-отырысының Коммюникесі (Тараз, 2022 жылғы 20 наурыз);
- ТМҰ Цифрлық агро-деректер платформасын құру туралы Коммюнике (Куба, 2024 жылғы 16 шілде);
- Ауыл шаруашылығы саласында «OTS-Made» өндірісі туралы Коммюнике (Куба, 2024 жылғы 16 шілде);
- Ауыл шаруашылығы министрлерінің 4-отырысының Коммюникесі (Чолпон-Ата, 2025 жылғы 25 маусым);
- ТМҰ шеңберінде ауыл шаруашылығы ынтымақтастығы бойынша стратегиялық жол картасы (Чолпон-Ата, 2025 жылғы 25 маусым).
Аталған кездесулер мен келісімдер ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықтың институционалдық негізін қалыптастырып, басымдықтарды айқындайды, сондай-ақ, ТМҰ аясында арнайы бастамаларды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
Жобалар
ТМҰ мүше мемлекеттер арасындағы ауыл шаруашылығы байланыстарын одан әрі нығайтуға бағытталған бірнеше практикалық жобаларға бастамашылық жасауда.
• Түркі агробизнес форумы
Түркі агрофорумдары түркі аймағында ауыл шаруашылығы ынтымақтастығының негізгі мәселелері бойынша бірыңғай пікірталас алаңын құру, сауда ынтымақтастығын кеңейту жолында іскерлік орта арасындағы өзара ынтымақтастықты дамыту, ортақ жобаларды жүзеге асыру, ауыл шаруашылығына озық технологияларды енгізу, сондай-ақ ТМҰ-ға мүше және бақылаушы елдерде ауыл шаруашылығы секторының инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін үздік әлемдік тәжірибелерді талқылау мақсатында басталған болатын. Бұл бастама ауыл шаруашылығы министрлерінің отырыстарымен қатар өткізіліп, саясат пен практиканың өзара байланысын қамтамасыз етуде.
• 1-Форум – Ташкент, Өзбекстан (2022 жылғы 4 шілде)
• 2-Форум – Баку, Әзербайжан (2023 жылғы 25–26 қыркүйек)
• 3-Форум – Тараз, Қазақстан (2024 жылғы 20 наурыз)
• 4-Форум – Чолпон-Ата, Қырғызстан (2025 жылғы 26 маусым)
Форум үкіметтер, іскерлік қауымдастық және инвесторлар арасындағы тұрақты өзара іс-қимыл алаңына айналып, ТМҰ ауыл шаруашылығы секторындағы ынтымақтастықты дамытуға және оның тартымдылығын арттыруға ықпал етуде.
Цифрлық агродеректер платформасы
Бұл жоба ТМҰ-ға мүше елдердің барлық ауылшаруашылық статистикасын, ақпараттық жинақтарын, деректер тіркелімі мен озық тәжірибелерін бірыңғай цифрлық платформада топтастыруды мақсат етеді.
Осыған орай, 2024 жылғы 16 шілдеде ТМҰ-ның ауыл шаруашылығы астанасы боп жарияланған Куба қаласында ТМҰ-ның цифрлық агродеректер платформасын құру жөнінде кездесу өтті. Іс-шара соңында аталған платформаны құруға қатысты Коммюнике қабылданды.
«OTS Made» (ТМҰ-да жасалынған) бренді
Бұл жоба – ТМҰ-ға мүше елдер арасында аймақтық ынтымақтастық пен өзара әрекеттестікті дамытуға бағытталған стратегиялық бастама. «OTS Made» бренді ауылшаруашылық өнімдерін өндіру, қаптау саласындағы бірлескен бастамаларды ілгерілетіп, ТМҰ аймағынан шыққан ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасы мен көптүрлілігін көрсетуге мүмкіндік береді.
Аталмыш жоба 2023 жылғы 26 қыркүйекте Бакуде өткен ТМҰ-ға мүше елдердің Ауыл шаруашылығы министрлерінің 2-ші отырысында Әзербайжан тарапынан ұсынылған болатын. Жобаның мақсаты – ТМҰ-ға мүше елдерде өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдеріне бірыңғай әрі сенімді брендтік келбет қалыптастыру. Бұл өз кезегінде ТМҰ өнімдерін жаһандық нарықта айшықтауға, олардың танымалдығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді.
Осыған орай, 2024 жылғы 18 шілдеде Әзербайжанның Куба қаласында «OTS Made» брендін құру жөнінде жиын өтті. Іс-шара соңында «OTS Made» брендін құруға қатысты Коммюнике қабылданды.
Өңірлік азық-түлік қоры жүйесі
Бұл жоба Түркі өңірінде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Өзбекстан тарапының бастамасымен жүзеге асқан жоба. ТМҰ аясында өңірлік азық-түлік қоры жүйесін құру арқылы аштық, дұрыс тамақтанбау, азық-түлік тапшылығы сияқты мәселелерін бірлесе шешу, жергілікті азық-түлік өндірісін арттыру және төтенше жағдайларда азық-түлік қорын қамтамасыз ету басты жоспарда.
Бұдан тыс Өзбекстан тарапы бастапқы кезеңде жаһандық және ішкі нарықтың қажеттіліктері мен түркі елдердің өндірістік әлеуетіне негізделген тиімді азық-түлік жеткізу жүйесін құру үшін құқықтық негіз қалыптастыруды және ТМҰ аясында көпжақты келісім қабылдау пікірін айтқан болатын. ТМҰ-ға мүше мемлекеттердің үкіметтері арасында азық-түлік қауіпсіздігі жөнінде көпжақты келісім әзірлеу мақсатында Өзбекстан тарапы «Азық-түлік қауіпсіздігі туралы келісімнің» жобасын ұсынды. Қазіргі уақытта ол мүше мемлекеттердің қарауында.
Ортақ ауылшаруашылық сақтандыру жүйесі
Бұл жоба ТМҰ-ға мүше елдер арасында Түркияның ауылшаруашылық сақтандыру қоры басқару компаниясының (TARSIM) тәжірибесіне сүйене отырып ортақ ауылшаруашылық сақтандыру жүйесін құруды мақсат тұтады.
Ортақ ауылшаруашылық сақтандыру жүйесін құру туралы пікірлер ТМҰ-ның Ауыл шаруашылығы ынтымақтастығы жөніндегі жұмыс тобының 3-ші отырысында ТМҰ-ға мүше мемлекеттер арасында талқыланды. Осыған орай, түрік тарапы «ТМҰ-ға мүше мемлекеттер арасында ортақ ауылшаруашылық сақтандыру жүйесін құру тұжырымдамасы» жобасын ұсынды. Қазіргі таңда бұл жоба мүше елдердің күн тәртібінде тұр.
Басқа да жобалар
Бүгінгі күнге дейін ТМҰ-ға мүше елдердің ауыл шаруашылығына жауапты министрлерінің үш кездесуі өтті. Сондықтан ауылшаруашылық саласындағы көптеген жобалар әлі бастапқы кезеңде тұр. Бұл жобалардың ішінен төмендегілерді ерекше атап өтсек болады:
- ТМҰ аясында тұқым шаруашылығы ынтымақтастығын орнату / ТМҰ Тұқым қауымдастығын құру.
Бұл жоба аймақ ішінде өсімдік түрлері мен тұқымдарының еркін қозғалысын қамтамасыз етуге, тұқым индустриясы арасындағы трансшекаралық ынтымақтастықты ілгерілетуге, шаруалардың тұқымға қолжетімділігін жеңілдетуге, нарыққа бағытталған тұқым өндірісін дамытуға және тасымалдау қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді;
- ТМҰ аясында Ислам елдері стандарты және метрология институтымен “Халал сертификаты” бойынша ынтымақтастық.
Бұл жоба арқылы Түркі мемлекеттері халал өнімдерінің сапасына тұтынушылар сенімін арттыра алады, жаңа нарықтар мен сауда мүмкіндіктеріне жол ашады. Сондай-ақ, бұл бастама аясында нарықтағы бәсекеге қабілеттілікті күшейтуге, халал стандарттарының толық сақталуын қамтамасыз етуге және әлем бойынша халал өнімдері мен қызметтерге өсіп келе жатқан сұранысты тиімді пайдалануға стратегиялық мүмкіндік береді;
- «E-agro» сияқты ортақ мобильді қосымшаларды, ерте ескерту және геоақпараттық жүйелерді, шаруаларды тіркеу жүйесін енгізу.
Бұл жоба жаңа агро-технологияларды, білім мен инновациялық шешімдерді (сандық ауыл шаруашылығы), азық-түлік құндылық тізбегінің сапасын, тиімділігін және қамтылуын арттыруға бағытталған.
Соңғы жаңарту: 18:28:29




