Саммиттер үрдісі Орталық Азия Түркі республикаларының тәуелсіздігін алғаннан кейін 1992 жылы басталып, Түркі мемлекеттері ұйымының (бұрыңғы Түркі кеңесі) Хатшылығының құрылған 2010 жылға дейін жалғасқан және Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия және Түрікменстан мемлекет басшылары арасында өткізілген 10 саммитті қамтиды.
1992 жылғы саммит
1992 жылы Түркия Президенті Тұрғыт Өзалдың бастамасымен, Әзербайжан Президенті Әбүлфейіз Елчибей, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Қырғызстан Президенті Асқар Ақаев, Өзбекстан Президенті Ислам Каримов және Түрікменстан Президенті Сапармурат Ниязовтың қатысуымен Анкарада өткен саммитте маңызды мәселелер талқыланды. Саммиттің қорытындысы ретінде Анкара декларациясы қабылданды.
1994 жылғы саммит
Түркия Республикасының Президенті Сүлеймен Демирелдің бастамасымен Әзербайжан Республикасының Президенті Гейдар Әлиев, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Қырғыз Республикасы Президенті Асқар Ақаев, Өзбекстан Президенті Ислам Кәрімов және Түрікменстан Президенті Сапармурат Ниязовтың қатысуымен Ыстанбұлда өтті. Саммит қорытындысы бойынша Ыстанбұл Хартиясына қол қойылды.1995 жылғы саммит
Қырғызстан Президенті Асқар Ақаевтың басшылығында Бішкекте өтті. Саммит қорытындысы бойынша Бішкек декларациясына қол қойылды.1996 жылғы саммит
Ташкентте өткен саммитте тұрақты хатшылық құру туралы шешім қабылданып, Ташкент декларациясына қол қойылды.1998 жылғы саммит
Астанада өткен саммитте тұрақты хатшылықтың ережелері қабылданды және Астана декларациясы қабылданды.2000 жылғы саммит
Бакуде өткен саммитте тұрақты хатшылықтың Түркияда құрылуы туралы шешім қабылданып, Баку декларациясына қол қойылды.2001 жылғы саммит
Ыстанбұлда өткен саммитте Ыстанбұл декларациясы қабылданды. Қазақстан Президенті Ақсақалдар кеңесін және Парламенттік Ассамблеяны құруды ұсынды.2006 жылғы саммит
Антальяда өткен саммитке Түркия, Қазақстан, Әзербайжан және Қырғызстан Президенттері қатысты. Өзбекстан қатысқан жоқ.2009 жылғы саммит
Нахчыванда өткен саммитте Түркі кеңесін құру туралы Нахчыван келісіміне қол қойылды.2010 жылғы саммит
Ыстанбұлда өткен саммитте Түркі ынтымақтастық кеңесі ресми түрде құрылды. Хатшылыққа Халил Ақынжы тағайындалды.2010 жылдан кейінгі кезең
ТМҰ құрылғаннан кейін 2011 жылы Алматыда, 2012 жылы Бішкекте, 2013 жылы Габалада, 2014 жылы Бодрумда, 2015 жылы Астанада, 2018 жылы Шолпан-Атада, 2019 жылы Бакуде, 2021 жылы Ыстанбұлда, 2022 жылы Самарқанда, 2023 және 2024 жылдары Астанада және Бішкекте саммиттер өтті. Сонымен қатар, 2020 және 2023 жылдары екі кезектен тыс, 2021 және 2024 жылдары екі бейресми саммит өткізілді.ТМҰ саммит декларациялары бөлімі
Жыл сайын өткізілетін саммиттерге Мүше Мемлекеттердің Президенттері, Сыртқы істер министрлері және өзге де министрлер қатысады.




