3. Кедендік ынтымақтастық
3. Кедендік ынтымақтастық

Түркі мемлекеттері ұйымы кеден саласындағы ынтымақтастықты маңызды бағыт ретінде қарастырады. Осы мақсатта Кеден қызметтері басшылары 8 рет бас қосса, кеден бойынша Жұмыс тобы 11 рет жиналды. Түркия Республикасының Сауда және Кеден министрлігі Мүше мемлекеттер мен Грузияға арналған уәкілетті экономикалық оператор, кедендік рәсімдерден кейінгі аудит және тәуекелдерді талдау бойынша тұрақты оқыту семинарларын ұйымдастырып келеді.

Сонымен қатар, 2015 жылғы ақпанда Брюссельде Түркі мемлекеттері ұйымы мен Дүниежүзілік кеден ұйымы (ДКҰ) арасында өзара түсіністік туралы меморандумға ұйымдардың Бас хатшылары қол қойды. ДКҰ Бас хатшысы 2015 жылғы шілдеде Бішкекте өткен Кеден қызметтері басшыларының 4-ші кездесуіне қатысқан еді.


Соңғы жаңарту: 11:41:01