Түркі мемлекеттері ұйымының төрағалығы күнтізбелік жыл бойы (ағылшын әліпбиі тәртібі бойынша) мүше елдердің бірі тарапынан басқарылады.
Төрағалық ететін мемлекеттің Мемлекет басшысы – ТМҰ-ның Төрағасы болып табылады. (Төрағалық қызметіне байланысты жұмыстарды мүше елдің Сыртқы істер министрлігі атқарады)
Ұйымның төрағалық тізгіні 2025 жылғы қазанда Габалада өткен Мемлекет басшылары саммитінде Қырғыз Республикасынан Әзербайжан Республикасына өтті.
2026 жылы Түркияда өтетін келесі саммитке дейін Әзербайжан ТМҰ-ға төрағалық етеді.
Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев – Ұйымның Төрағасы. https://president.az/az





