3 қазан айында Ұйымымыздың негізін қалаған тарихи Нахчыван келісімінің 16 жылдығын және Түркі мемлекеттері ынтымақтастық күнін атап өтудеміз.
Бұл айтулы белес тек институционалдық дамуымызды ғана емес, сонымен қатар Түркі халықтарының мызғымас бірлігі мен бауырластығын паш етеді. Соңғы он алты жылдың ішінде Түркі мемлекеттері ұйымы жанжақты ынтымақтастықтың кешенді алаңына айналды. Бастапқыда бірнеше басым бағыттарға бағытталған өзара іс-қимыл бүгінде экономика, көлік, кеден, энергетикадан бастап, ауыл шаруашылығы, білім, мәдениет, денсаулық сақтау, жастар және спорт, цифрландыру, инновация, экология және қауіпсіздік сияқты шамамен 40-қа жуық түрлі саланы қамтитын деңгейге дейін кеңейді.
Бұл даму ортақ бағытымызды нақты іске айналдыруға, ортақ тарих пен мәдени байланыстарымызды ынтымақтастық пен өркендеудің нақты құралына айналдыруға деген ұжымдық ерік-жігеріміздің айқын көрінісі. Бұл жетістіктер мемлекет басшыларымыздың айқын әрі көреген ұстанымынсыз, Сыртқы істер министрлеріміздің басшылығынсыз, ТМҰ-ға мүше және бақылаушы елдердің министрліктері мен мекемелерінің белсенді еңбегінсіз мүмкін болмас еді.
Олардың жанқиярлық еңбегі мен қосқан үлестері Ұйымымыздың табыстары мен халықтарымыз арасындағы бірліктің нығая түсуінің қозғаушы күші болды. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, өткен жылы Ұйымымыздың күн тәртібін табысты ілгерілеткен Қырғыз Республикасының төрағалығына алғысымды білдіремін. Қырғызстанның көшбасшылығына жоғары баға бере отырып, енді 2025 жылғы 7 қазанда Габсла қаласында өтетін мемлекет басшылар кеңесінің 12ші Саммитін асыға күтеміз.
Аталмыш жиында Төрағалық Әзербайжан Республикасына табысталмақ. Әзербайжан елінің бұл берік мұраны лайықты жалғастырып, алдағы уақытта ынтымақтастығымызға одан әрі тың серпін беретініне сеніміміз мол! Мерейтойды атап өтіп, болашаққа да зор сеніммен қараймыз. Түркі мемлекеттері ұйымы саяси диалогты нығайтып, экономикалық байланыстарды тереңдетіп, мәдени алмасуды алға ілгерілетумен қатар, халықаралық аренада ортақ жаңғырығымызды күшейтуде.
Осы орайда ТМҰ-ға мүше және бақылаушы елдердің халқы мен үкіметтеріне жүрекжарды құттықтауларымды жеткіземін! Бірлігіміз нығая берсін, ынтымақтастығымыз кеңейе берсін, орьақ бағытбағдарымыз баршамызға бейбітшілік, тұрақтылық пен өркендеу алып келсін! Түркі мемлекеттері ынтымақтастық күні құтты болсын!
Ізгі ниетпен,
ТМҰ Бас хатшысы,
Елші Кубанычбек Омуралиев










