Алып Ер Тоңғаның (Афрасиаб) ұрпақтары – Қарахан әулеті: Қарахандықтар дәуіріндегі Түркі-ислам әлемі» атты Халықаралық ғылыми конференция өтті

Алып Ер Тоңғаның (Афрасиаб) ұрпақтары – Қарахан әулеті: Қарахандықтар дәуіріндегі Түркі-ислам әлемі» атты Халықаралық ғылыми конференция өтті

Алып Ер Тоңғаның (Афрасиаб) ұрпақтары – Қарахан әулеті: Қарахандықтар дәуіріндегі Түркі-ислам әлемі» атты Халықаралық ғылыми конференция 2025 жылғы 16 қазанда Ташкент мемлекеттік Шығыстану университетінде (TSUOS) өтті.

Жиынның ашылу салтанатында Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) Бас хатшысы, Елші Кубанычбек Омуралиев, Өзбекстан Республикасының Жоғары білім, ғылым және инновациялар министрі Қоңыратбай Шарипов, Ташкент мемлекеттік Шығыстану университетінің ректоры Гульчехра Рихсиева, ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының бас хатшысы Сұлтан Раев, Халықаралық Түркі академиясының президенті Шахин Мустафаев және Өзбекстан Ұлттық БАҚ қауымдастығы басқармасының төрағасы Шерзодхон Қудратхожа сөз сөйледі.