Мерей Саятұлы Мұқажан

Мерей Саятұлы Мұқажан

Туған жері / жылы

Қазақстан Республикасы, Абай облысы, Қайнар ауылы, 1986

Отбасылық жағдайы

Үйленген, 2 баласы бар

Білімі

Бакалавриат және магистратура

2003 – 2008 ж.ж. Орта Шығыс Техникалық Университеті (ODTÜ), Халықаралық қатынастар, Экономика және басқару факультеті, Анкара, Түркия

2003 – 2008 ж.ж. Шәкәрім университеті, Әлеуметтік ғылымдар және экономика факультеті, Бухгалтерлік есеп және аудит бөлімі, Семей, Қазақстан (қашықтықтан оқу)

2008 – 2009 ж.ж. Мемлекеттік саясат, магистратура дәрежесі, Саясаттану кафедрасы, University College London (UCL), Лондон, Ұлыбритания (Президенттік «Болашақ» халықаралық стипендиясы)

Шет тілдері

Қазақ тілі – ана тілі; Ағылшын тілі – жоғары деңгей; Түрік тілі – жоғары деңгей; Орыс тілі – жоғары деңгей; Француз тілі – орта деңгей; Неміс тілі – орта деңгей

11.2023 – қазіргі уақытқа дейін

Түркі мемлекеттері ұйымы Бас хатшысының орынбасары

08.2022 – 11.2023

Қазақстан Республикасының Түркиядағы Елшілігінің кеңесшісі

12.2019 – 07.2022

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі, Таяу және Орта Шығыс және Африка департаментінің басқарма басшысы

08.2019 – 12.2019

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі, Жалпыазиядық ынтымақтастық департаментінің кеңесшісі

01.2019 – 08.2019

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Стратегиялық даму мен халықаралық бағдарламалар департаментінде басқарма басшысы, директордың міндетін атқарушы

02.2014 – 12.2018

Қазақстан Республикасының Австрия және Словениядағы Елшілігінде және Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілдігінде Үшінші хатшы, Екінші хатшы

09.2011 – 02.2014

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасарының көмекшісі, Атташе, Үшінші хатшы

04.2011 – 09.2011

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі, Орталық Азия, Оңтүстік Кавказ және Түркия департаментінде Атташе 

11. 2009 – 04.2011

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Орталық Азия, Оңтүстік Кавказ және Түркия департаментінде Референт


Халықаралық біліктілік және тағылымдама

  • 2010 – Орталық Азия, Ауғанстан және Моңғолиядан келген жас дипломаттар үшін дипломатиялық курстар, Clingendael Халықаралық қатынастар институты, Гаага, Нидерланд
  • 2015 – “Келіссөздер және көшбасшылық” курстары, Австрияның Еуропа және халықаралық істер жөніндегі федералдық министрлігі және БҰҰ оқу және зерттеу институты, Вена
  • 2015 – “Сыбайлас жемқорлықпен күрес” тақырыбындағы халықаралық көшбасшылық бағдарламасы, АҚШ Мемлекеттік департаменті, Вашингтон–Майами–Талса
  • 2019 – “Б” корпусының жоғары лауазымына тағайындалған мемлекеттік қызметкерлерге арналған курстар, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, Астана
  • 2022 – Тікелей шетелдік инвестицияларды тарту бойынша курс, Астана Халықаралық Қаржы Орталығы
  • 2023 – Заңсыз көші-қонды басқару бойынша халықаралық сертификат бағдарламасы, Жандармерия және жағалау күзеті академиясы, Анкара

Дипломатиялық дәреже

II сыныпты Төтенше және Өкiлеттi Уәкiл

Марапаттар

  • Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің Алғыс хаттары (2011, 2014, 2022)
  • Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің Құрмет грамотасы (2021)
  • ТҮРКСОЙ ұйымының Алғыс хаты (2022)
  • “Қазақстанның дипломатиялық қызметіне 30 жыл” мерейтойлық медалі (2022)
  • Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің “Құтқару операцияларына белсенді қатысқаны үшін” төсбелгісі (2023)
  • “Дінмұхаммед Қонаевтың 110 жылдығы” мерейтойлық медалі (2023)