ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ҰЙЫМЫ (ЭЫҰ)
1964 жылы Иран Ислам Республикасы, Пәкістан Ислам Республикасы және Түркия Республикасы тарапынан Аймақтық даму ынтымақтастығы ретінде құрылған форум 1985 жылы Экономикалық ынтымақтастығы ұйымы болып өзгертілді.
ЭЫҰ аймағы 460 миллионнан астам халықты қамтып, 8 миллион шаршы километр аумақты алып жатыр. Бұл аймақ солтүстіктен оңтүстікке, оңтүстіктен батыс және шығысқа, Азиядан Еуропаға, Еуразиядан Араб әлеміне дейін созылады. Кавказ, Оңтүстік, Батыс және Орталық Азия елдерін қамтитын ЭЫҰ — ең ескі үкіметаралық ұйымдардың бірі.
Ұйымның құрылу мен негізгі мақсаты — аймақта тұрақты экономикалық дамуды үздіксіз ынталандыру үшін қолайлы және қолжетімді жағдайлар жасау, мүше мемлекеттердің ортақ әл-ауқаты мен игілігін қамтамасыз ету.




