Түркі кеңесі мен БҰҰ-ның Оңтүстік-Оңтүстік ынтымақтастығы жөніндегі кеңсесі (UNOSSC) бірлесіп дайындаған «Іс жүзінде Оңтүстік-Оңтүстік: Түркі кеңесінің өңірлік және жаһандық дамуға ықпал етуі үшін Оңтүстік-Оңтүстік ынтымақтастығын пайдалануы» атты бірлескен есептің тұсаукесер іс-шарасы 2017 жылғы 25 қыркүйекте Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының 72-сессиясы аясында өтті.
Іс-шара Түркі кеңесінің Бас хатшысы Елші Рамиль Хасанов пен БҰҰ Бас хатшысының Оңтүстік-Оңтүстік ынтымақтастығы жөніндегі арнайы өкілі және UNOSSC директоры Хорхе Чедиек мырзаның негізгі баяндамаларымен ашылып, БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі және БҰҰ Даму бағдарламасының (UNDP) көмекші әкімшісі Джихан Султаноғлу ханымның жабылу сөзімен аяқталды.
Іс-шараға Түркі кеңесіне мүше мемлекеттердің БҰҰ жанындағы Тұрақты Өкілдіктерінің жоғары деңгейдегі өкілдері, басқа да елдердің БҰҰ жанындағы миссияларының өкілдері мен БҰҰ мекемелерінің лауазымды тұлғалары қатысты. Сонымен қатар, БҰҰ Өркениеттер Альянсының Жоғары өкілі Насир Абдулазиз әл-Нассер мырза да қатысушылар қатарында болды.
Аталған бірлескен есепті төмендегі сілтеме арқылы жүктеуге болады.




