Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы БҰҰ-ның Түркиядағы тұрақты үйлестірушісін қабылдады*

Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы БҰҰ-ның Түркиядағы тұрақты үйлестірушісін қабылдады*

2025 жылғы 11 қарашада Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) Бас хатшысы, елші Кубанычбек Омуралиев Ыстанбұлдағы ТМҰ хатшылығында  БҰҰ-ның Түркиядағы тұрақты үйлестірушісі доктор Бабатунде Ахонсиді қабылдады.

Кездесу барысында Бас хатшы БҰҰ өкіліне ұйым қызметі, мүше мемлекеттердің өзара ынтымақтастықтың даму барысы  және БҰҰ құрылымдары арасында серіктестігі жайында ақпарат берді.

Тараптар орнықты даму саласындағы ынтымақтастықты нығайту мәселесінде пікір алмасып, әсіресе Түркі әлемінде «нөлдік қалдық» бастамасын іске асыруға бағытталған бірлескен жұмыстарға баса назар аударды.

Тараптар институционалдық диалог пен үйлестіруді тереңдетуге бағытталған өзара ниеттерін білдірді. Аймақтық және жаһандық деңгейдегі қазіргі сын-қатерлерге қарсы іс-қимыл аясында орнықты даму мен өңірлік өркендеуді арттыруға бағытталған ортақ міндеттемелерін тағы да растады.