ТМҰ Бас хатшысы Елші Кубанычбек Омуралиев Мексикаға жасаған жұмыс сапары аясында мемлекеттік органдар, халықаралық ұйымдардың жетекшілері және дипломатиялық өкілдермен жоғары деңгейдегі кездесулер өткізді.
Сапардың маңызды нәтижелерінің бірі ретінде ауыл шаруашылығы зерттеулері, инновация және азық-түлік қауіпсіздігін дамыту мақсатындаТМҰ мен Халықаралық жүгері және бидайды жетілдіру жөніндегі орталығы (CIMMYT) арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.




